Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен, малдың тоқішегімен тұсау кеседі Толығырақ »
Ашамайға мінгізу — қазақы тәрбиелік мәні бар салт, ұл балаға жасалады. Ашамайға мінгізу ер бала есін біліп, жан-жағын танып, ат үстінде өзін-өзі ұстай алатын жағдайға жеткенде жасалады. Әдетте, 5-6 жасқа толған балаларға жасалады. Иә, ертедегі көшпелі қазақтардың балалары 2-3 жасынан бастап атқа ... Толығырақ »
Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша ... Толығырақ »
Асырап алу — балалары болмаған немесе жетім балаларға қомқор болу мақсатында басқа баланы асырау, қамқорлыққа алу әрекеті. Асырап алу әлемнің көптеген халқында бар. Қазақ халқында да бала асырап алу салты бар. Көп уақыт бойына нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар ата-аналарымен және өзара ақылдасып бала ... Толығырақ »
Құрсақ шашу немесе Құрсақ той — аяғы ауыр әйелге қатысты қазақы дәстүр. Құрсақ шашу кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. Жас келіннің аяғы ауырлағаны белгілі болғанда оның абысын-ажындары мен енелері ... Толығырақ »
Бауырына салу — қарт ата-әжесінің тәрбиесінде болуы үшін, оларға ермек болып, көз қуанышы болуы үшін ең тұңғыш немерелерін қарауларына беру дәстүрі. Бұл дәстүр еншісін алып шыққан ұлының тұңғыш баласын ата-анасынына беруімен сипатталады. Қазіргі қазақ қоғамында мұндай Толығырақ »
Шілдехана — нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлердің бірі, баланың дүниеге келгендегі алғашқы тойы. Бұл салтты еліміздің кей жерлерінде «шілделік» деп те атайды. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да баруға болады. Қонақтар Толығырақ »



Белсіздіктің алдын алу